Алимент 23 жасқа дейінгі

Полезная информация в статье: "Алимент 23 жасқа дейінгі". Статья описывает тематику понятным для неспециалистов языком. Сделаны комментарии юристов и выводы. Если для вашего конкретного случая требуются дополнительные консультации, то обратитесь к дежурному консультанту.

2020 жылы әлеуметтік салада қандай өзгеріс болады?

1 қаңтардан бастап қазақстандықтарды бірқатар өзгеріс күтіп тұр. Әлеуметтік жәрдемақы түрлері, зейнетақы, жалақы, стипендия көбейеді. Жаңа жүйе еніп, заңдарда өзгеріс болады. Baribar.kz соның кейбіріне шолу жасады.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы өзгереді

1 қаңтардан бастап көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өзгереді. Қазіргі уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардан құжат қабылданып жатыр.

Бұған дейін Мәжіліс атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің қазіргі жүйесін өзгертетін заң жобасын мақұлдады. Онда төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөліміндегі студент балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау қарастырылды.

Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады. Төрт балаға 42 496 теңге, бес балаға 53 127 теңге, алты балаға 63 757, жеті және одан да көп баласы бар отбасыларға 74 388 теңге беріледі.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары азық-түлікпен және гигиена заттарымен де қамтамасыз етіледі. 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімдерімен қамтамасыз етіледі. Осы санаттағы балалардың мектепке бару жолақсы да өтеледі.

Мүгедектігі бар азаматтар үстеме алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерді әлеуметтік қорғау деңгейін көтеру үшін еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін медициналық-әлеуметтік сараптамада нақты белгіленген еңбекке жарамсыздық дәрежесіне сүйене отырып анықтауды ұсынды.

Мысалы, жеті жылдық қатысу өтілі және 100 мың теңге орташа айлық табысы бар, жалпы еңбекке жарамсыздық дәрежесі 65% деңгейінде белгіленген жүйеге қатысушы үшін жаңа параметрлер ескеріле отырып, төлем мөлшері 31 080 теңге болады, ал қазіргі параметрлер бойынша – 22 988 теңге ( 35% өсім).

Бұл төлемге мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақыны да қосу керек. ІІ топтағы мүгедектерге 2020 жылы берілетін жәрдемақы мөлшері – 47 710 теңге. Төлемнің жалпы сомасы 78 790 теңге болады.

Асыраушысынан айырылған азаматтар үшін үстеме

Асыраушысыз қалған отбасыларды әлеуметтік қорғауды арттыру үшін асырауындағы адам саны коэффициентін өзгерту арқылы әлеуметтік төлемдер мөлшерін арттыру ұсынылып отыр. Сонымен, асырауында бір адам болғанда 40%-тен 50%-ке дейін; екеу болса, 50%-тен 65%-ке дейін; үшеу болса, 60%-тен 80%-ке дейін және төрт немесе одан да көп болса, 80%-тен 100%-ке арттыру көзделген.

Тұтастай алғанда, заң жобасына ұсынылған өзгертулер әлеуметтік қауіптің үш түрі – еңбекке жарамсыздық, асыраушысынан айрылу және жұмысынан айырылу бойынша, яғни 200 мың алушы үшін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орта есеппен 30% арттырады. Бұл әлеуметтік төлемдер мөлшері мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығы арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.

Ата-анасының біреуі болмаса, балалар немесе еңбекке жарамсыз отбасы мүшелеріне ай сайын 26 818 теңге (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 0,86 бөлігі), екі адамға 46 463 теңге, үш адамға 57 689 теңге, төрт адамға 61 119 теңге, бес адамға 63 302 теңге, алты немесе одан да көп адамға 65 797 теңге беріледі. Ата-анасы жоқ балалардың әрқайсысына 36 796 теңге тағайындалады.

КОНСУЛЬТАЦИЯ ЮРИСТА


УЗНАЙТЕ, КАК РЕШИТЬ ИМЕННО ВАШУ ПРОБЛЕМУ — ПОЗВОНИТЕ ПРЯМО СЕЙЧАС

8 800 350 84 37

АЕК, зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі өзгереді

Парламенттің жалпы отырысында “2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 276-VI заң мақұлданды. Оның 7-бабы бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төменгі жалақы 42 500 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 16 839 теңге;
  • ең төменгі зейнетақы 38 636 теңге;
  • жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сонымен бірге ҚР заңнамасына енген өзгеріс бойынша айыппұл, салық және басқа төлем түрлері бойынша айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 31 183 теңге болды.

2020 жылға арналған әлеуметтік саланың шығындары 5 триллион 692 миллиард теңге көлемінде жоспарланған.

Мұғалімдер жалақысы 25% көбейеді

“Педагог мәртебесі туралы” заң жобасы бойынша кеңейтілген отырыста Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысы қалай көбейетінін айтты.

Тамыз мәслихатында Мемлекет басшысы берген тапсырма аясында алдағы 4 жылда мұғалімдердің жалақысы 2 есе өседі. Бұл – келесі жылдан бастап педагогтардың жалақысы 25% ұлғаяды деген сөз, – деді министр.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасында материалдық ынталандырудың мұғалімдердің білігін арттыруға бағытталған нормалары қарастырылып отыр. Олар: класқа жетекшілік ету мен дәптер тексеру үшін 2 есе көлемде үстемеақы төлеу, педагог шеберлігі мен тәлімгерлік үшін үстемеақы төлеу, барлық педагог үшін еңбек демалысын 56 күнге дейін ұзарту және тағы басқа.

Мектеп мұғалімдерінің сапа потенциалын арттыруды ынталандыру мақсатында магистр дәрежесі бар қызметкерлерге 10 АЕК көлемінде үстемеақы да төленеді.

Сонымен қатар келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 35-50%, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 30-60% көбейеді.

Студенттердің стипендиясы көбейеді

Студенттерді қолдау үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің стипендиясы 25% көтеріледі. Бұл барлығы 133 мыңға жуық адамды қамтиды.

Колледж студенттерінің стипендиясы да көбейеді. Үкімет 2020 жылдың қаңтарынан бастап орта арнаулы білім алып жатқан колледж студенттерінің стипендиясын да 25% ұлғайтады. Бұл – тағы 100 мың адам.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енеді

1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Еліміздегі барлық азамат сақтандырылса да, сақтандырылмаса да, тегін медициналық көмек пакетін пайдалана алады. Тегін медициналық көмекке санитарлық авиация, жедел жәрдем, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен созылмалы сырқаттарды емдеу, бастапқы медициналық-санитарлық көмек, паллиатив көмек кіреді. Бұл қызметтердің барлығы бюджет есебінен тегін көрсетіледі.

2020 жылдан бастап қызметкерлер жалақысының 1%-ін аударады. Жұмыс берушінің аударымы 2% болады. Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізде жұмыс істейтін тұлғалар табысының 1%-ін аударады. Жеке кәсіпкер өзі үшін 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ін аударады.

Мемлекет әлеуметтік жағынан аз қорғалған 15 санат үшін ай сайын жарна аударып отырады. Олардың қатарында зейнеткерлер, жұмыссыздар, көпбалалы аналар, мүгедектер тағы басқалары бар. Толық тізім “Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” заңның 26-бабында көрсетілген. Бұл тізімге енбеген азаматтар жарнаны “өз бетінше төлеуші” ретінде екінші деңгейлі банктер арқылы төлей алады.

Салық органы электрон цифрлық қолтаңба бермейді

Салық төлеушілер Ұлттық куәландырушы орталығына жүгініп, 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жарамдылық мерзімі бар электрон цифрлық қолтаңбаны ауыстыра алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясын жойылуы бірнеше уәкілетті органда оның қайталанбауына мүмкіндік береді (Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті).

Читайте так же:  Расчет удержания алиментов из заработной платы

Источник: http://baribar.kz/117917/2020-zhyly-aleumettik-salada-qandaj-oezgeris-bolady/

ҚР Азаматтық кодексi
23-бап. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың (жас балалардың) әрекет қабiлеттiлiгi

Ескерту. 23-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді — ҚР 2011.03.25 № 421-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) үшiн мәмiлелердi, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан заңды өкілдері жасайды.

2. Он төрт жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар (жас балалар) өздерiнiң жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы.

Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Источник: http://kodeksy-kz.com/grazhdanskij_kodeks/23.htm

Бала үш жасқа толғанша анасына алимент өндірілді

жм, 23/02/2018 — 10:43

Мұнайлы аудандық соты бала үш жасқа толғанша анасына алимент өндіру туралы азаматтық істің өндірісін медиация тәртібімен тоқтатты.

Талап қоюшы аталған талап арызбен сотқа жүгініп, онда жауапкер екеуі заңды некеде тұратынын, ортақ бір баласы бар екенін, ол үш жасқа толмағанын, қазіргі таңда жауапкер екеуі бір отбасы болып тұрмайтынын, ортақ шаруашылық жүргізбейтінін, баласы өзінің тәрбиесінде, өзі бала күтімі демалысында екенін, жауапкер ерікті түрде материальдық көмек көрсетпейтінін көрсетіп, жауапкерден баласы үш жасқа толғанша 20 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.

Сот мәжілісі барысында тараптар өздерінің араларындағы дауды медиация тәртібімен реттегендерін көрсетіп, істі қысқартуды сұрады. Келісім бойынша жауапкер бала үш жасқа толғанға дейін ай сайын талап қоюшыға 10 000 теңге төлейді, ал талап қоюшы талап арыздан бас тартады.

Сот, ұсынылған дауды медиация тәртібімен реттеу туралы медиативтік келісімнің тараптардың мүдделерінде жасақталғанын, заңға қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтындықтан аталған келісімді бекітті.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс өндірісі тоқтатылды.

Источник: http://mng.sud.kz/kaz/news/bala-ush-zhaska-tolgansha-anasyna-aliment-ondirildi

Кәмелет жасқа толмаған балаларды күтіп бағу үшін алимент өндіру туралы талап арыз қанағаттандырылды

Сс, 23/08/2016 — 11:46

Әуезов ауданының №2 аудандық сотында М-нің А-ға кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талапкер жауапкер А-дан кәмелеттік жасқа толмаған балаларына алимент өндіру туралы берген талап арызын келесімен негіздеді, 2002-жылғы 07-желтоқсанда жауапкер А-мен заңды некеге тұрған. Ортақ некеден кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар. Жауапкер А-ның отбасына өз еркімен материалдық көмек көрсетпегендігіне байланысты, кәмелеттік жасқа толмаған балаларын асырап бағу үшін, оның айлық және басқа да табыстарынан 1/3 көлемінде алимент өндіруді сұрады.

Сот тараптардың түсініктерін тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, талап арызды қанағаттандырды.

Источник: http://almaty.sud.kz/kaz/news/kmelet-zhaska-tolmagan-balalardy-kutip-bagu-ushin-aliment-ondiru-turaly-talap-aryz

Жалақы, жәрдемақы және кредит: Қазақстанда 2020 жылдан бастап не өзгереді

Тышқан жылы елімізде жағымды өзгерістер аз емес. 2020 жылдың басты жағымды жаңалығы көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы болмақ

Келер жылы қазақстандықтарды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз

Жаңа жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық көпбалалы отбасыға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Ай сайынғы жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға беріледі.

Мемлекеттік жәрдемақы бала санына қарай сараланады:

  • төрт баласы бар отбасыларға – 42 496 теңге;
  • бес балаға – 53 127 теңге;
  • алты балаға – 63 757 теңге;
  • жеті және одан да көп балаларға – 74 388 теңге.

Сонымен қатар, жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жүйесі өзгереді.

Атаулы әлеуметтік көмек бұрынғыдай алты немесе он екі айға емес, тоқсан сайын тағайындалады. Егер отбасының еңбекке жарамды мүшесі мемлекет ұсынған жұмыстан бас тартса, атаулы әлеуметтік көмек бүкіл отбасыға тоқтатылады.

Бұған қоса, атаулы әлеуметтік көмек алып жүрген отбасылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Яғни, мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлік және гигиеналық құралдармен қамтылса, мектеп жасындағыларына тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу-құралдары беріледі, күнделікті мектепке барып-келуге жұмсалатын жол шығыны өтеледі.

Кімдердің жалақысы өседі?

Қазақстанның еңбек заңнамасы бойынша, елімізде тек ең төменгі жалақының мөлшері ғана реттеледі. Қалғаны – жұмыс берушінің қалауына қарай.

2019 жылдың басынан бері әлеуметтік жауапкершілік аясында 203 мың кәсіпорын 1,2 миллион жұмысшының жалақысын 32%-ке – 46 мың теңгеден 61 мың теңгеге дейін көтерді.

1 шілдеден бюджет қызметкерлерінің айлығы 30%-ке ұлғайды.

Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан мұғалімдердің жалақысы 25%-ке, мәдениет саласы қызметкерлерінің айлығы 35-50%, әлеуметтік сала қызметкерлерінікі 30-60%-ке өседі деп жоспарланып отыр.

Зейнетақы, күнкөріс деңгейі және АЕК

2020 жылы ең төменгі базалық зейнетақы 800 теңгеге ұлғайып, 16 839 теңгені құрайды.

Биыл ең төменгі зейнетақының мөлшері 36 108 теңге болса, келесі жылы 38 636 теңгеге жетеді. 2020 жылдың басынан қазақстандықтардың зейнетақысы инфляция деңгейіне қарай өседі.

  • ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31 183 теңге;
  • ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңге.

Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты, мемлекеттен балаларға, мүгедектерге, асыраушысынан айырылу бойынша, аса зиянды және ауыр жұмыстарда еңбек ететін адамдарға төленетін әлеуметтік жәрдемақылар да көбейеді.

Бала туғанда берілетін жәрдемақы мөлшерінің Sputnik Қазақстан материалынан біле аласыздар.

Паспорт пен жеке куәлік қымбаттайды

Келесі жылдан төлқұжат пен жеке куәлік алу қымбаттайды.

  • паспорт алуға мемлекеттік баж салығы – 8 АЕК немесе 21 208 теңге;
  • жеке куәлік – 0,2 АЕК немесе 530 теңге.

Егер азамат жеке куәлікті ауыстыруға уақытылы өтініш бермесе, онда оған 7 АЕК немесе 18 557 теңге айыппұл салынады.

Әдетте құжаттарды алу мерзімі 15 күнге дейін уақыт алады. Десе де қосымша ақы төлеп, құжаттарды жедел алуға болады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары үшін:

  • Жеделдіктің бірінші санаты – бір жұмыс күніне дейін – 4 983 теңге;
  • Жеделдіктің екінші санаты – үш жұмыс күніне дейін – 2 752 теңге.

Облыс орталықтары үшін:

  • Жеделдіктің бірінші санаты – үш жұмыс күніне дейін – 4 983 теңге;
  • Жеделдіктің екінші санаты – бес жұмыс күніне дейін – 2 752 теңге.

Облыстардың аудандары мен қалалары үшін:

  • Жеделдіктің үшінші санаты – жеті жұмыс күніне дейін – 1 166 теңге.

Ал жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығы – 1,25 АЕК немесе 3 314 теңге.

Стипендия көтеріледі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қаңтарынан студенттердің шәкіртақысын 25%-ке ұлғайтуды тапсырды. Мемлекет басшысы бұл туралы Жастар жылының жабылу салтанатында мәлімдеген еді.

Келер жылдан бастап студенттердің стипендиясы былай өзгереді:

  • бакалавриатта – 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін;
  • магистратурада – 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін;
  • докторантурада – 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

2020 жылдан бастап елімізде пациенттерді қабылдау мен емдеу жаңаша жүргізіледі. Оған себеп – Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшкелі жатыр.

МӘМЖ аясында мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды.

1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар медициналық сақтандыру қорына жарна аударуға міндеттеледі:

  • жұмыс берушілер үшін – жалақы қорының 2%-і;
  • жұмысшылар үшін – еңбекақының 1%-і;
  • жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – 1,4 ЕТЖ-нің (ең төменгі жалақы) 5%-і;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істейтіндер – табысының 1%-і;
  • өздігінен төлеушілер – 1 ЕТЖ-нің (ең төменгі жалақы) 5%-і.
Читайте так же:  Без санитарной книжки штраф

Ал жеңілдікке ие азаматтардың 15 санатына мемлекет жарнаны қорға өзі аударады.

Кредит берілмейді

Жаңа жылдан бастап кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға кепілсіз кредит берілмейді. 2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңгеге тең болады.

Бұған қоса, жұмыссыздар да кредит ала алмайды. Өйткені банктен қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми табысты көрсету қажет.

Сонымен қатар, банктерге азаматтардың кредит бойынша берешегі 90 күннен асып кеткен жағдайда, комиссия есептеуге тыйым салынды.

Табыс салығынан кімдер босатылады?

2020 жылдың басынан бастап арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады. Бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы.

Алайда бұл өзгеріс жер қойнауын пайдаланушылар, акциздік өнім өндірушілер, ойын бизнесі, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қатысты емес.

Бұдан бөлек, шағын және орта бизнеске үш жылға тексеріс жүргізуге мораторий жарияланды. Бірақ бұл тексеріс мүлде жүргізілмейді деген сөз емес.

Кедендік тексеріс, кезікпе салық тексерісі, қылмыстық іс аясында және салық төлеушінің өтініші бойынша өз қызметіне қатысты жүргізіліп жатқан тексерістер қала береді.

Бензин бағасы өседі

2020 жылдың 1 қаңтарынан бензин акцизі екі есеге дейін көтеріледі – тоннасына 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін. Бұл өз кезегінде бензин бағасына әсер етеді.

Бензин бағасы литріне 10 теңгеге өседі. Яғни, бір литр үшін акциз 8 теңгеден 18 теңгеге дейін ұлғаяды.

Источник: http://sputniknews.kz/spravka/20191219/12322961/2020-Qazaqstan-ozgerister.html

Астаналық судья ажырасуға келген ерлі-зайыптының аянышты тағдыры жайлы айтып берді

Қазақстанда алименттен жалтарған әкелерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, алайда біздің тәжірибеде мұндай кездеспейді

АСТАНА, 1 қараша – Sputnik. Нұргүл Абай. Елімізде ажырасатындар саны жылдан-жылға артып бара жатқанына байланысты, алимент мәселесі өзекті бола түсуде. Себебі нарық заманында жалғызбасты аналарға бала асырау да оңай емес. Әкелердің дені ай сайынғы табысын балаларымен бөлісе бергісі келмейді, бір өкініштісі. Алименттің түрлері, әкелік міндетін орындамағандарға қолданылатын жаза, алимент мөлшері, азаматтық некеден туған балалардың құқығы – осы және өзге де сұрақтарға Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Гүлзада Рашқалиева жауап берді.

Гүлзада Рашқалиеваның айтуынша, Қазақстанда балаға және бұрынғы жұбайлардың бір-біріне төлейтін алименті кең таралған. Десе де алименттік міндеттемелер тек осы екі топпен шектелмейді. Алименттің де көбісі біле бермейтін бірнеше түрі бар.

«Ең біріншісі, ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына төлейтін алименттік төлемі. Екіншісі, кәмелет жасына жеткен балалардан әке-шешесін асырауға өндірілетін алимент. Тағы бір түрі – некеде тұрған ерлі-зайыптының және бұрынғы жұбайлардың бір-біріне төлейтін алименті. Ерлі-зайыпты дәм-тұзы жараспай, ажырасып кетсе де, бір-бірінен заңда көрсетілген тәртіппен алимент өндіруге құқылы», — дейді судья.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, басқа отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері де бар. Мәселен, кәмелетке толмаған, еңбекке жарамсыз балалар ата-анасынан алимент өндіруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, өздерінің кәмелетке толған, еңбекке жарамды, қаражаты бар туған аға-апаларынан сот тәртібімен алимент өндіруге құқылы.

Сондай-ақ, ата мен әженің де немерелері алдында алименттік міндеттемелері болады. Егер кәмелет жасына толмаған бала әке-шешесінен, туған аға-апаларынан алименттік төлем өндіруге мүмкіндігі болмаса, онда материалдық жағдайы бар атасы мен әжесінен алимент алуға құқылы. Және де, керісінше, көмекке мұқтаж атасы мен әжесінің еңбекке жарамды, кәмелетке толған немерелерінен алимент өндіріп алуға құқығы бар.

Бұған қоса, өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесі мене өгей шешесін күтіп-бағу жөніндегі міндеттері де бар.

«Мұның барлығы заңда көрсетілгенмен, біздің тәжірибемізде жоқ деуге де болады. Әсіресе балаға және бұрынғы жұбайлардың бір-біріне төлейтін алиментіне қатысты іс көп түседі», — дейді Гүлзада Елтайқызы.

Бір балаға төленетін алимент мөлшері қанша?

«Неке және отбасы» туралы кодекстің 139-бабына сәйкес, сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан мынадай мөлшерде алимент өндіреді:

  • Бір балаға – ата-анасы табысының немесе өзге де кірісінің төрттен бір бөлігі;
  • Екі балаға – үштен бір бөлігі;
  • Үш және одан да көп балаға – тең жартысы.

Десе де, судьяның айтуынша, сот тараптардың материалдық, отбасылық жағдайына қарай бұл мөлшерді кемітуі немесе көбейтуі мүмкін.

«Бала 18 жасқа толған кезде, әке-шешенің алименттік міндеттемесі де тоқтайды ғой. Алайда, егер 18 жасқа толған бала күндізгі ақылы бөлімге оқуға түссе, оқуын тәмамдағанға дейін, яғни 21 жасқа дейін ата-анасынан алимент өндіруге сотқа талап-арыз бере алады. Оқу орнынан анықтама әкеледі, кейін сот шешімімен біз әкесінен немесе шешесінен 20 АЕК, 30 АЕК немесе 50 АЕК мөлшерінде ай сайын алимент бекітеміз», — деп түсіндірді Гүлзада Рашқалиева.

Судья мүгедек балаларға да 18 жасқа толғаннан кейін алимент төленбейтінін атап өтті.

Жауапсыз әкелерден алимент қалай өндіріледі?

«Жеңіл түрі – сот орындаушылары қаулы шығарады да, әлгі әкенің жұмыс орнына жолдайды. Соған сәйкес, бухгалтерия ай сайын жалақы түскеннен кейін үш күн ішінде алимент мөлшерін әйелге аударуға міндетті. Осылайша бала 18 жасқа толғанға дейін жалақысынан ұсталып отырады», — дейді ол.

Ал жұмыссыздардан балаға алимент өндірумен сот орындаушылары айналысады. Гүлзада Рашқалиеваның айтуынша, ай сайын жалақысының бір бөлігін баласына бергісі келмейтін әкелер ажырасу кезінде әйелі екеуінің ортақ мүлкіне таласпай, толығымен тастап кетеді.

Видео (кликните для воспроизведения).

«Ерлі-зайыптының некеде тұрған кезде алған ортақ үйі болған. Ажырасқаннан кейін әлгі үйде әйел мен балалары қалады. Бірақ пәтердің жартысы заң бойынша бұрынғы күйеуіне тиесілі. Алайда әлгі ер адам алименттің орнына үйді толығымен бұрынғы отбасына қалдырды», — деп әңгімеледі судья.

Алименттен жалтарғандар қалай жазаланады?

Судьяның айтуынша, елімізде заң бойынша алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Десе де жауапсыз әкелерді темір тордың ар жағына тоғыту өте сирек кездесетін жағдай, тіпті тәжірибеде кездеспейді деуге де болады.

«Егер әкенің берешегі жиналып қалса, онда сот орындаушылар астындағы көлігін алып қойып, оны сатып, қарызды өндіреді. Дүние-мүлкіне тыйым салып жатады. Сосын борышкер әкелердің Қазақстан аумағынан шығуына шектеу қояды. Алимент бойынша қарызын өтемегенше, жүргізуші куәлігінің күшін жояды. Мұндай шаралардың бәрі алименттен жалтарып жүрген әкелерге ой салады. Себебі көлігімен жолаушы тасып, нәпақасын тауып жүргендер бар, енді бірі жұмыс бабымен шетелге жиі шығады. Яғни, оларды абақтыға қамап қойғаннан гөрі, алиментті уақытында төлеп тұруға түрткі болатын шараларды қабылдау тиімдірек», — дейді астаналық судья.

Гүлзада Рашқалиева кез келген алимент оны төлейтін адамның жалақысының жартысынан аспауы керектігін атап өтті. Себебі қалған табысы өзінің өмір сүруіне, басқа отбасы болса, соны асырауға жетуі керек. Бұл тұста алимент төлейтін адамның несиесі немесе ипотекасы бар ма, жоқ па, бәрі қаралып, есепке алынады.

Азаматтық некеден туған балаларға алимент өндіру мүмкін бе?

Соңғы жылдары жастар арасында «азаматтық неке» деген жаңа түсінік пайда болды. Тіпті жастарымыз бұған «ерікті махаббат» деген де атау тауып алған. Бүгінде қазақстандықтардың «азаматтық некеге» қатысты көзқарасы әртүрлі, әрине жақтаушылардан даттаушылар қарасы басым екені айтпаса да түсінікті. Себебі некенің мұндай түрі ақ некенің қадірін қашырып, жастарды қазақы салт-дәстүрден ажыратып, ұлттық құндылықтарымызды жоқ қылады деп алаңдауға негіз жоқ емес. Десе де, жаһандану толқынымен батыстан келген «азаматтық неке» біздің қоғамға дендеп еніп жатыр. «Азаматтық некеден» бір-бірін «сүйген» екі жастан бұрын, жоспарсыз дүниеге келген бейкүнә сәби сорлайтыны анық. Өйткені көп жағдайда ер адамдар жауапкершіліктен қашып, қаны бір болса да, туған баласын мойындамай жатады.

Читайте так же:  Уважительная неуплата алиментов

Сарыарқа аудандық сотының судьясы да бұл сөзімізді растап отыр. Айтуынша, азаматтық некеде болған ер адамдар көбіне баласын мойындамайды, сондықтан сараптама тағайындап, анықтауға тура келеді.

«Әйел азаматтық некеден туған баласына алимент өндіре алады, әрине. Егер баланың туу туралы куәлігінде әкесі кім екені жазылса, ешқандай дау туындамаса, сол кісіден өндіріп алынады. Егер ер адам келіспей, «әкесі емеспін» деп ат-тонын ала қашса, біз сараптама тағайындап, сол арқылы анықтаймыз. Жақында ғана сондай оқиға болып, біз сараптаманың көмегімен тағы бір жауапсыз әкеден алимент өндіру туралы шешім шығардық», — деп сөзін жалғастырды Гүлзада Елтайқызы.

Алименттен бас тартып отырған ана мен оны төлеуге құлшынып отырған әке

Бес жыл бойы судья қызметін атқарып келе жатқан Гүлзада Рашқалиева алимент төлеймін деп сотқа талап-арызбен жүгінген әкені алғаш көруім дейді.

«Ол ер адам кезінде бір қызбен көңіл қосқан, екеуі бірге тұрған екен. Үйленгелі жүрген кезде, сүйіктісі туралы жағымсыз әңгіме естіп, ренжіп, бірінші көрген қызға үйлене салады. Жақсы көрген қызы да көп ұзамай басқа жігітке тұрмысқа шығады, кейін отбасында сәби дүниеге келеді. Әйел баласының әкесі ретінде өзінің күйеуін жазған. Алайда төрт айдан кейін ажырасып кетеді.

Мына жігіт те әйелімен айырылысады. Кейінірек, жаңағы жігіт бұрынғы сүйіктісінің баласының әкесі өзі екеніне көз жеткізеді. Себебі баланың дүниеге келген уақытын есептесе, қыз оны екеуі бірге тұрып жатқан кезде көтерген екен. Сөйтіп, сотқа жүгініп, «сараптама жасатыңыз, алимент төлегім келеді, баламмен араласқым келеді» деп отыр. Ал баланың анасы сараптама жасаудан бас тартты, бірақ әкесі сол екенін мойындады», — деп әңгемеледі ол.

Егер әйел сараптамаға мүлде көнбесе, онда әке мен баланың суреттерін салыстырып, жақындары мен достарын шақыртып, шешім шығарамыз дейді, Гүлзада Елтайқызы.

«Әйел неге қашып отырғанын білмеймін, әдетте келіншектер алимент алуға мүдделі болады. Менің түсінгенім, мына ер адам бұрынғы сүйіктісін әлі де жақсы көреді, қимайды, сондықтан бала арқылы жолын тауып, қосылғысы келетін сияқты», — дейді судья.

«10-20 жыл бірге тұрған жұбайыңмен ажырасу – 1-2 минуттық іс»

Сот табалдырығын тоздырып, баласына аз да болса көмек алудың қамымен жүгіретін жалғызбасты ана, жұмысы жоқтықтан қарызға белшесінен батып, сот орындаушыларынан «қайтсем, құтыламын» дейтін әке, толық емес отбасында тәрбиеленетін бала – үшеуі де ажырасу зардабын тартқан жандар.

«Бүгін, міне некені бұзу туралы он бір іске кірдім. Өкінішке қарай, бәрі ажырасып кетті. Бұл тамыз-қыркүйек айларынан жалғасып келе жатқан істер. Біз оларға татуласуға уақыт бердік. Бірақ, нәтиже жоқ», — деп қапаланды Гүлзада Елтайқызы.

Айтуынша, осыдан екі-үш жыл бұрын судьялар арыз түскен бойда некені бұза салса, қазір ерлі-зайыптыға татуласуға екі, төрт, бес айға дейін уақыт береді. Іс түскеннен бастап бес күн бойы татуластыру шараларын жүргізеді. Әр отбасымен жеке-жеке әңгімелесіп, дос-құрбыдай сырласып, психолог сияқты жұмыс істейді.

«Мен өзім әр отбасымен жарты сағаттап жұмыс істеймін. Он-жиырма жыл бір шаңырақ астында тұрдыңыз, оның бәрін бір-екі минутта бұза салуға болмайды деп айтамын. Егер жұбайының біреуі некені бұзуға келіспей тұрса, біз алты айға дейін татуласуға уақыт береміз. Заң бойынша, сондай құқығымыз бар», — дейді ол.

Судьяның сөзіне сенсек, ажырасудың басты себептері – тұрмыстық мәселелер, отбасындағы кикілжің, жұмыссыздық, ішімдікке салыну. Әйелінің немесе күйеуінің көзіне шөп салу да жиі кездеседі, бірақ ол екінші орында дейді. Көбіне дәм-тұзы жараспай, ажырасып кететіндер – жастар.

Судьяны даналығымен таңғалдырған әйел

Гүлзада Рашқалиева осыдан екі ай бұрын өзін даналығымен таңғалдырған әйел жайлы баяндап берді. Бірде оған жиырма жыл отасқан жұбайымен ажырасқысы келетін әйел келген. Жасы шамамен елулердің үстінде. Үш баласы бар, екі қызы 18-19 жаста, кенжесі кәмелетке толмаған.

«Әдетте, ажырасуға жастар келеді. Мына апайды көріп таңғалдым. Сосын әлгі әйелден себебін сұрадым. Сөйтсем, бәлен жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті тұратын жұбайының басқа бір әйелден баласы барын біліп қойған. Сөйтіп айырылысу туралы шешім қабылдаған. Алайда, бір қызығы, екінші рет сотқа келгенде, күйеуін кешіргенін айтып, арызын кері алды. Қалай кешірдіңіз деп сұрағанымда, «жолдасым іс-сапардан ерте келіп, менен және балаларымыздан жылап кешірім сұрады, отбасын сақтап қалу үшін басқа баласы туралы тіс жармағанын айтты» деді», — деп әңгімеледі судья.

Әлгі ер адам «бұдан былай ол әйелмен де, баламмен де араласпаймын, тек отбасымды сақтап қалсам болды» деген. Алайда жұбайы «ана әйелмен көріспейсің, бірақ баланың еш кінәсі жоқ, оны үйге әкеп тұрасың, жағдайын жасайсың, көмектесесің» деп шарт қойыпты.

«Дана, ақылды әйел екен, мен таңғалдым», — дейді Гүлзада Елтайқызы.

«Ерлі-зайыптыны татуластырудың қауіпті тұсы да бар»

Судьяның ісі – бір жапырақ арызға қарап, алдына келген жұбайларды ажырастыра беру емес, әрине. Мүмкіндігінше, қос тарапты бітімге келтіріп, татуластырып, отбасын сақтап қалуға тырысады. Балалардың ана мен әке мейіріміне бөленіп, бақытта отбасында тәрбиеленгенін қалайды. Десе де, татуластырудың соңы өкініш пен қайғыға әкеп соғуы бек мүмкін. Гүлзада Елтайқызы да өз қызметінде қайғылы оқиғаның куәгері болған адам.

«Осыдан үш ай бұрын маған бір отбасы келді. Ол кезде мен Қостанайда жұмыс істеп жүргенмін. Әйел ажырасу туралы арыз түсірген, бірақ күйеуі қаламады. Екеуі студент кезден көңіл жарастырып, кейін шаңырақ көтерген. Күйеуі отбасымды, жұбайымды жақсы көремін дейді. Ал әйеліне қарасам, жүзінен еш жылылық, сезім байқамадым, көңілі суып кеткен сияқты. Университетте оқытушы екен, біраз биіктерге жеткен көрінеді, ал күйеуі ондай емес. Сөйтіп татуласуға бір-екі ай уақыт беріп, шығарып салдым.

Келесі сот отырысы болатын күні интернетте отырсам, «күйеуі әйелін пышақтап өлтіріп, өзі университеттің 8-қабатынан секіріп кетті» деген ақпаратты көзім шалды. Аты-жөндерін оқысам, маған келген әлгі әйел мен ер адам. Сөйтсем, күйеуі әйелінің жұмыс орнына барған, өзімен бірге пышақ тығып кіргізген, кабинетіне кіріп, екеуінің арасында ұрыс-керіс шыққан. Ер адам жұбайын пышақтап, өзі университеттің сегізінші қабатынан секіріп кеткен. Осы жазда болды трагедия. Отбасын сақтап қаламыз деп жүргенде, екі бала тірідей жетім қалды. Сондықтан мен ерлі-зайыптыларға жұдырықпен ештеңе шеше алмайсыңдар» деп үнемі айтып отырамын», — дейді ол.

Источник: http://sputniknews.kz/society/20181102/7892749/qazaqstan-aliment-jalgyzbasty-ana.html

Жауапкер баласына 21 жасқа толғанша алимент төлейді деп шешілді

Дс, 23/01/2017 — 11:28

Қызылорда қалалық сотына талап қоюшы Н. жауапкер Б-дан 21 жасқа толғанша алимент өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Читайте так же:  Цели и задачи кредиторской задолженности

Сот отырысында талап қоюшы Н. талап арызда көрсетілген талаптарын толығымен қуаттап, кәсiптiк оқу орнында оқығандығы себепті жауапкер Б-дан жиырма бір жасқа толғанша, ай сайын 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіріп беруді сұрады.

Сот отырысында жауапкер баласына алимент төлеуге қарсы емес екенін, алайда ай сайын 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент төлеуге мүмкіншілігі жоқтығын, себебі жалақысы шамамен 110 000 теңге болатынын, қазіргі таңда кәмелетке толмаған бір баласына жалақысының 25 пайыз мөлшерінде алимент төлеп отырғанын көрсетті.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабының талаптарына сәйкес, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 1-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, алименттер – бір адам оны алуға құқығы бар екінші адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат.

Ал, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 138-бабының 2-тармағында, егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады деп көрсетілген.

Яғни, аталған Заң нормасының мазмұнына қарағанда, алимент жиырма бір жасқа дейінгі бiлiм беру жүйесінде оқитын кәмелетке толған балаларға сот тәртібімен өндіріп алынатыны айқындалған.

Сот тараптардың материалдық және отбасылық жағдайларын ескере отырып, талапкердің оқу орнында білім алуына байланысты ай сайын тұрақты сомада өндірілетін алиментті 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгілеуді дұрыс деп санады.

Источник: http://kzl.sud.kz/kaz/news/zhauapker-balasyna-21-zhaska-tolgansha-aliment-toleydi-dep-sheshildi

2020 жылы жәрдемақылар кімдерге және қалай төленеді

Қазақстан Республикасының президенті қол қойған «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы қайта есептелді.

Бұл төлемдер кімге және қаншаға өсетіні туралы «РАБАТа» газетінің редакциясына Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Людмила Викторовна Ефремова хабарлады

2020 жылдың қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақылар алынған зейнетақының 7% -на көбейтіледі. Мәселен, көбейтуге дейінгі зейнетақы мөлшері 57 900 теңгені құраса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 61953 теңгеге тең болады. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 36108 теңгеден 38636 теңгеге дейін артады. 2020 жылы алғаш рет зейнетақы алуға өтініш білдірген азаматтар үшін ең жоғары табыс (жалақы) соманы есептеу үшін 46 айлық есептік көрсеткіш есептеледі. Ол 121 946 теңгеден аспайды. Мысалы, егер нақты табыс 180 000 теңгеден асса, зейнетақы есептеу үшін 121 946 теңге кіріс қабылданады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш 2651 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі 31183 теңгені құрайды. Ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 16839 теңгені құрайды. Ең төменгі зейнетақы (2018 жылы тағайындалған адамдар үшін) 38 636 теңгені құрайды. Ең төменгі жалақы — 42500 теңге. Мүгедектікке, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, ерекше зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, бала жәрдемақыларының (бір реттік және бір жылға дейінгі бала күтімі), сондай-ақ көп балалы отбасылар мен ата-аналарға берілетін жәрдемақылардың ұлғаюы (қамқоршыларға, қорғаншыларға) айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және күнкөріс минимумының (ПМ) мөлшерінің өзгеруін ескеру үшін қарастырылған.

Соғыс ардагерлеріне берілетін жеңілдіктер Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы 42 426 теңгені (16 АЕК) құрайды. Ұлы Отан соғысына теңестірілген және мүгедектер алатын жәрдемақы 20 016 теңге (7,55 АЕК). Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға — 16 410 теңге (6,19 АЕК). Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері — 11 877 теңге (4,48 АЕК) төленеді.

Соғыстан кейінгі кезеңде қайтыс болған және тірі кезінде мүгедек деп танылған, қайта тұрмысқа шықпаған мүгедектер мен соғысқа қатысқандардың әйелдері (күйеуі) — 6787 теңге (2,56 АЕК). Тыл еңбеккерлеріне берілетін жәрдемақы — 5647 теңге (2,13 АЕК). Кеңес Одағының Батырлары, соғысқа қатысқан үш дәрежелі Даңқ орденінің иесі үшін ай сайын 367 509 теңге (138,63 АЕК) төленеді. «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбекб ері» атағы берілген адамдаға айлық жәрдемақының мөлшері — 138,63 айлық есептік көрсеткіш — 367 509 теңге.

Соғысқа қатысқан Социалистік Еңбек Ерлеріне — 197 898 теңге (74,65 АЕК). Саяси қуғын-сүргін құрбандары — 2837 теңге (1,07 АЕК). Жеке зейнеткерлер — 2837 теңге (1,07 АЕК) алады.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы келесідей ұлғаяды: жалпы аурудан мүгедектерге дейін:

І топ — 59 872 теңге

II топ — 47 710 теңге

III топ — 32 431 теңге

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар:

І топтар — 59 872 теңге

II топтар — 49 581 теңге (кешкі 1,59),

ІІІ топтар — 37 420 теңге (13.00),

16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 43 657 теңге. Ерекше жағдайлардағы жұмыс үшін жәрдемақы № 1 тізімге сәйкес алушыларға (еңбек жағдайлары зиянды кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдар) 9,42 АЕК мөлшерінде 24973 теңгеге дейін артады. №2 тізімдегі алушы үшін 22 216 теңгеге дейін (8,38 АЕК) артады.

Асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы

Ата-анасының, баласы немесе отбасы мүшелерінің біреуі болмаған кезде ай сайынғы төлемдер төленеді:

бір адамға — 26 818 теңге

екі адамға — 46 463 теңге

үш адамға — — 57 689 теңге

төрт адамға — 61 119 теңге

бес үшін — 63 302 теңге

алты немесе одан да көп үшін — 65 797 теңге.

Жетімдерге әрқайсысына 36 796 теңге беріледі.

Балаларға арналған жәрдемақы

Бала туылуына байланысты бір реттік жәрдемақы:

— бірінші, екінші және үшінші балаға — 100 738 теңгеге дейін (38,0 АЕК), төртіншіден — 167 013 теңгеге дейін (63,0 АЕК).

Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі баланы күтуге ай сайынғы жеңілдіктер:

бірінші бала үшін — 15 270 теңге (5.76 АЕК)

екіншісі бала үшін — 18 054 теңге (6,81 АЕК)

үшінші бала үшін — 20 811 теңге (7) , 85 АЕК),

төртінші және одан да көп адамға — 23 594 теңге (8,9 АЕК).

Мүгедек баланы тәрбиелеу үшін — 43 657 теңге. I топтағы мүгедекке бала кезінен күтіміне төленетін жәрдемақы — 43 657 теңге. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы «Алтын Алқа» (жеті және одан да көп бала) және Күміс Алха (алты және одан да көп бала) наградаларымен марапатталған көпбалалы аналар үшін ай сайынғы жәрдемақы 16 967 теңгеге (6,4 АЕК) дейін артады.

Жерлеуге арналған жәрдемақы

Жерлеуге жәрдемақы — 41621 теңге. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын жерлеуге арналған жәрдемақы — 97 027 теңге.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар (18 жасқа дейінгі) көпбалалы отбасыларға немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөліміне мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі.

Читайте так же:  Сокращение дистанционного работника

Бұл жәрдемақы отбасының кірісіне қарамастан, республикалық бюджеттен отбасындағы балалар санына қарай сараланған мөлшерде тағайындалады:

4 баламен — 42 496 теңге (16.03 АЕК);

5 баламен — 53127 теңге (20.04 АЕК);

6 баламен — 63 757 теңге (24.05 АЕК);

7 және одан көп баламен — 74 388 теңге (28.06 АЕК).

Қазіргі уақытта көп балалы отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасылар, тиісінше 2018 жылға дейін тағайындалған отбасылар болып табылады. Жаңа жәрдемақыға көшу ХҚКО-ға жүгінбей-ақ автоматты түрде жүзеге асырылады.

Жаңа жәрдемақы 2020 жылдан бастап тағайындалады. 18 жасқа толғаннан кейін білімін жалғастыратын балалар жыл сайын тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға оқу туралы анықтамаларын ұсынады.

Источник: http://stan.kz/2020-zhili-zhardemakilar-kimderge-zhane-kalay-tolenedi-325211/

Алимент төлемесе, қамалады!

Кез-келген бала некесіз, не заңды некеден туған болсын, алиментке құқылы. Тіпті, заңды түрде ажыраспай-ақ бірге тұрып жатқан әйелдер баласы үшін отағасынан алимент өндіре алады.

Алимент төлемеген әкенің иелігіндегі үй, пәтер, автокөліктері тәркіленеді. Сонымен қатар, борышкерлерге шетелге шығуға тыйым салынып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында мекен-жайы туралы, дүние-мүлкі туралы ақпаратты алу құқығынан айырылады.

Ажырасу – бұл эмоциялық тұрғыдан өте қиын процесс. Сала мамандарының айтуынша, ажырасу ерлі-зайыптылардың өзара келісімі негізінде және сот арқылы жүзеге асырылады. Яғни, егер некесін бұзуға ниет білдірген ерлі-зайыптылардың ортақ балалары болмаса, мүліктік дау туындамаған жағдайда олардың некелері ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес АХАТ бөлімінде бұзылады. Некені бұзу арыз түскен сәттен бастап 30 күнтізбелік мерзім ішінде жүзеге асырылады. Егер де, ерлі-зайыптылардың ортақ кәмелетке толмаған балалары болса, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 19-бабына сәйкес, неке сот тәртібінде бұзылады. Мұны ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 32 бабы қарастырады.
«Екі тарап ажырасу кезінде ортақ келісімге келіп, алименттің мөлшеріне қатысты өзара келісім шарт жасасқаны дұрыс»,- дейді заңгер Венера Шертаева. Сонда алимент сол келісім шартқа сәйкес төленеді екен.

Келісімшарт түзу керек
«Аталған Кодекстің 157-бабына сәйкес, алимент төлеуші мен баланың анасы арасында келісімшарт түзеледі. Онда алименттің мөлшері, төлеу тәртібі мен төленетін мерзімі көрсетіледі. Келісімшарт заңды түрде, нотариалдық тұрғыда жасалуы қажет. Ал егер алимент төлеушінің материалдық немесе отбасылық жағдайы өзгерсе, ол сотқа қайта өтініш жазып, келісімшартқа өзгеріс енгізуге құқылы. Алайда мұндай жағдайда алименттің мөлшері сот белгіленген мөлшерден аз болмауы керек»,-дейді Венера Нұрғалиқызы.

Дегенмен ескеретін тағы бір мәселе бар. ОҚО Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету басқармасының басшысы, «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Бағдаулет Жұмахановтың айтуынша, «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңның 95-бабында: «Бiр немесе бiрнеше атқарушылық құжат бойынша борышкердiң жалақысына немесе өзге де кіріс түрлерiне өндiрiп алу қолданылған кезде борышкер жалақысының немесе өзге де кірісінің кемiнде елу пайызы сақталуға тиiс» делінген. Бұл ретте, борышкер қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен кем болмайтын сомада алимент төлейді.

Алименттің мөлшері
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің 139 бабына сәйкес:
1 балаға – жалақысының не табысының 1/4 мөлшері
2 балаға — жалақысының не табысының 1/3 мөлшері
3 және одан көп балаға – жалақысының не табысының 1/2 мөлшері

Сот тәртібімен өндіру
Десек те, келісімге келе алмай, келісім шарт жасаспаған жандар көп арамызда. Тіпте, бауыр еті баласын күтіп-бағуға қаржы бергісі келмейтіндер де жетіп артылады. Олар бұрынғы әйеліне өкпелі ме кім білсін, әйтеуір алимент төлегісі келмей, жалақысын жасырады. Бірі жұмыс істеп жүрсе де, «жұмыссызбын» деп жалтарса, екіншілері — жалақысының мөлшерін жасырып, жалған анықтама жасатады.

Мәселен, үш баласы бар Айнұр Садық (аты-жөні өзгертілген)есімді кейіпкеріміз 2016 жылы ажырасқанын айтады. Соттың шешімі бойынша балалардың әкесі тапқан табысының 50% -ын оларға беруі керек екен.

– Бұйрықты бұрынғы күйеуімнің мекенжайы бойынша Сарыағаш өңірлік сот орындаушылары палатасына өткіздім. Менің құжаттарым Бағдаулет Абутәліпов есімді сот орындаушысына түсіпті. Ол бұрынғы күйеуімді шақырып, алимент төлеуі керек екенін ескертеді. Алайда жүк көлігінің жүргізушісі болып, айына 250 мың теңге тауып жүрген ол ойламаған жерден «Амарант» ЖШС-нің күзетшісі болып шыға келеді. Сөйтіп, жалақым 30 мың теңге деп анықтама өткізіпті. Осылайша маған соның жартысы 15 000 теңге көлемінде алимент төлеп отыр, — дейді ол.

ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес азамат 3 айдан астам алимент төлемегені үшін екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Кейіпкеріміздің айтуынша, балаларының әкесі жүк көлігін жүргізеді. Жалақысын қолма қол алады. Бірақ, алимент төлемеуі үшін жалған анықтама өткізген. Бұған оның зейнетақы аударымына аталмыш мекемеден бір де бір тиын аударым түспегені дәлел. Оның үстіне бұрынғы жолдасы «жұмыссыз» ретінде тіркеуде тұр екен. Кейіпкеріміз сот орындаушысының осы ақпараттардың бірін де тексермегеніне, тексерсе де көз жұмғанына қапалы екенін жасырмады. Енді, сот орындаушысының да, жолдасының да үстінен сотқа арызданбақ.

Бұл бір ғана Айнұрдың оқиғасы. Ал балаларының әкесінен алимент ала алмай жүрген Айнұр сияқты әйелдер қаншама? Олар сот орындаушыларының дұрыс жұмыс істемей отырғандарын алға тартады.
Мәселен, Гүлжан Бижанова (аты-жөні өзгертілген) есімді тағы бір кейіпкеріміздің азаматтық некеден туған екі баласы бар. Балаларының әкесімен бірге тұрмағанына 1 жылдан асып кеткен. Перзенттерін көріп тұруға келеді екен. Бірақ, құр қол келеді. 1 жылда 2-3 рет балабақшаның ақысын ғана төлепті. Айтатын уәжі — жұмыссыз. Бірақ, нан сатып, көлік жүргізіп, табыс табады. Мүгедектігі үшін алатын жәрдемақысы да бар. Әбден шаршаған кейіпкеріміз алимент өндіру үшін оны сотқа бергенін айтады. Қолында алимент өндіру туралы соттың бұйрығы да бар. Оның көшірмесін сот орындаушысына апарып беріпті. Алайда, сот орындаушысы 1 жылдан бері бір тиын алимент өндіріп бере алмапты. Барса «ертең кел, бүрсігүні кел» деп қайтаратын көрінеді. Жалғызбасты әйел сот орындаушысының жұмысына наразы, ал алименттен үмітін үзгенін жасырмайды.

– Алиментті өндіру туралы өтініш және оның көшірмесі;
– Жеке куәлік және оның көшірмесі;
– Мемлекеттік баж алымын төлегендігін растайтын түбіртек;
– Неке туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі, әкелікті растау туралы куәлік,
– Балалардың денсаулығын растайтын учаскелік терапевтің анықтамасы.

Тұрмысы төмен болса да алиментін уақытылы төлейтін адал борышкерлер де бар. Олардың тұрмыс жағдайларын және жұмыссыздықтарын ескеріп, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтып, кәмелетке толмаған балалары үшін алименттің өндірілуіне ықпал жасады.
Маманнан білгеніміз – ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 139-бабына сәйкес, алимент сот тәртібі бойынша өндіріледі. Себебі, әйел бұрыңғы күйеуінен баласы немесе балалары үшін заңды түрде материалдық көмек талап ете алады.

Ескеретін жайт, ерлі-зайыптылар ажыраспай-ақ, баласы үшін алимент талап етуіне болады. Тек жолдасының үстінен «балаларды асырап бағуы үшін үйге қаржы әкелмейді» деп сотқа шағымданса болғаны.

Видео (кликните для воспроизведения).

Источник: http://kz.otyrar.kz/2018/04/aliment-t%D3%A9lemese-%D2%9Bamalady/

Алимент 23 жасқа дейінгі
Оценка 5 проголосовавших: 1

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here